«Қайрат» футбол клубы Еуропа Лигасының келесі айналымына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қайрат» футбол клубы Еуропа Лигасының келесі айналымына шықты

09.07.2015
«Қайрат» футбол клубы Еуропа Лигасының келесі айналымына шықты

Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде алматылық «Қайрат» футбол клубы «Цервена Звезда» клубын екі ойында да ұтып, жарыстың келесі кезеңіне өтті.

2 шілдеде Сербияда өткен алғашқы ойында «Қайрат» клубы сырт алаңда жергілікті команданы 2:0 есебімен ұтқан. Ал, Қазақстанда өткен жауап ойында қазақстандық клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қос ойын нәтижесі бойынша «Қайрат» командасы «Цервена Звезда» клубын 4:1 есебімен жеңді.

«Қайраттың» келесі кезеңдегі қарсыласы алдағы уақытта белгілі болмақ.

Еске сала кетейік, Еуропа Лигасында ойнайтын «Ордабасы» мен «Бейтар» арасындағы кезедсуді бүгін сағат 23:00-де «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу