«Астана» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті

27.08.2015
«Астана» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті

Елордалық «Астана» клубы футболдан Еуропаның ең мықты командалары сайысатын Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты. Бұл қазақ футболының тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға. Тарихи серпіліс, тарихи жеңіс.

Осыған дейін іріктеу кезеңдерінен сүрінбеген елордалық команда - плей-ооф кезеңінің алғашқы ойынында өз алаңында 1:0 есебімен кипрліктерден басым түскен.

Ал, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өту үшін «Астанаға» қарымта ойында тек тең ойын да жеткілікті болған. Сөйтіп, Кипрде өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу