«Астана» мен «Шахтер» үшінші кезеңге өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» мен «Шахтер» үшінші кезеңге өтті

25.07.2014
«Астана» мен «Шахтер» үшінші кезеңге өтті

Қазақстандық «Астана» футбол клубы Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды. Тель-Авивтің «Хапоэль» клубымен өткен ойында елордалық команда 1:0 есебімен жеңілгеніне қарамастан, алғашқы ойынның нәтижесі бойынша келесі айналымға өтті.

Кипрде өткен қарымта кездесудің 56-шы минутында «Хапоэль» ойыншысы Саша 11 метірлік айып добын сәтті орындап, есеп ашты.

Ал, Астанада өткен алғашқы ойында 3:0 есебімен жеңген астаналық клубтың ендігі қарсыласы - шведтердің «АИК» клубы болмақ.

Сондай-ақ, қарағандылық «Шахтер» де келесі айналымға жолдама алды.

Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу