Басты Жаңалықтар Елордалықтар Чемпионды салтанатты түрде қарсы алды

Елордалықтар Чемпионды салтанатты түрде қарсы алды

Кеше түнде елордалықтар грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғали мен жарысқа қатысқан басқа да спортшыларды әуежайда салтанатты түрде қарсы алды. Осы күрес түрі бойынша Қазақстанның XXI ғасырдағы тұңғыш чемпионын тілшіміз де күтіп алған болатын. Азамат Бейбітұлының материалын тамашалайық.

Азамат Бейбітұлы, тілші:

«Түнгі сағат бір болды. Әуежайда тұрмыз. Хорватияның астанасы Загреб қаласында күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатына қатысқан спортшыларымызды қарсы алайын деп тұрмыз. Өздеріңіз көріп тұрғандай, жерлестер, жанкүйерлер көптеп жиналып жатыр. Барлығы анау есікке қарап, елеңдеп, тағатсыздана күтіп тұрғаны рас, себебі қазір санаулы сәттерден кейін ұшақтан түседі».

Айдос Сұлтанғали, Грек-рим күресінен әлем чемпионы: 

«Осы 99 жылдан бері алтын болмай келе жатыр. Боксты қараймыз, бокстан алтын шығады, жақында еркін күрестен шықты. Сол біздің күресті серпін беруге осы әдемі мүмкіндік болды. Оны енді жіберіп алу болмайтын болды. Соған енді барымызды салып, шүкір, алтыннан алтын тағып келдік. Тарихты жаңартқаныма өте қуаныштымын».

Қонысбек Төкенов Грек-Рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері

«Менде кадеттер арасында әлем чемпионы бар, жастар арасынан екі рет әлем чемпионы бар. Енді ересектер арасында бір арманым болған, сол арманыма жеттім. Енді 2028 жылы олимпиада чемпионы деген мақсатпен бар қойып отырмын».

 Азамат Бейбітұлы, тілші:

«Осылайша, әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы бір алтын және екі қола медальмен аяқтады. 76 елден 776 балуан қатысқан жаһандық жарыс үшін бұл жаман көрсеткіш емес. Ал, келесі әлем чемпионаты 2026 жылы Бахрейннің Манама қаласында өтеді. Сол кезде балуандарымыз қоржынды медальға толтырады деп сенеміз».






Бөлісу