Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Бас хатшысымен кездесті

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Бас хатшысымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесіп, маңызды халықаралық мәселелерді талқылады. Президент Қазақстанның алдағы уақытта да Ұйымға қолдау көрсетіп, оның бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту және орнықты даму ісінде жетекші рөл атқаруына белсенді атсалсатынын атап өтті.

Кездесу барысында Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығының қызметі туралы меморандумға қол қойылды.


Бөлісу