Басты Жаңалықтар «Jambyl» телеарнасында 12 ертегіге мультфильм түсірілді

«Jambyl» телеарнасында 12 ертегіге мультфильм түсірілді

«Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Жамбыл» телеарнасы қазақ ертегілерін мультфильм тілінде сөйлетті.

Аймақ айнасы 12 ертегіге жасанды интеллект көмегімен жаңаша жан бітірген. Топтамалардың тұсаукесері «Оқушылар сарайында» кішкентай көрермендердің қатысуымен өтті.

Балаларға экранға шыққан туындылардың  қысқа да нұсқа форматы ұнады. Топтамада «Қарлығаш пен Дәуіт», «Ақылды шыбын мен жалқау аю», «Түлкі мен тырна», «Ит пен мысық», «Қожанасыр мен бай»  сынды  танымал қазақ ертегілері бар. Бұған дейін сәуір айында арна ұжымы «Арыстан мен тышқан» ертегісін жасаған. Жалпы бүгінде Әулиеата өңірінде «Әжемнің ертегісі» жобасы жүзеге асып жатыр. Соның аясында арна ұжымы заманауи форматта қазақ ертегілерін анимациялауды жалғастырмақ.

Гүлбаршын Құланбаева – Облыстық «Jambyl» телеарнасының директоры:

Бүгінгі көрген осы қазақ ертегілерінің топтамасы сол жасанды инттелектінің БАҚ саласына келе бастағанын, ене бастағанын көрсетті. Жұмыс жалпы командалық жұмыс болып табылады. Тек қана бір адамның еңбегі емес бұл жерде сценарис те бар, режиссер да бар, әсіресе күш дизайнерге көп түсті.




 


Бөлісу