Мемлекет басшысының Нью-Йоркке жұмыс сапары жалғасуда
Мемлекет басшысының Нью-Йоркке жұмыс сапары жалғасуда. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамппен сөйлесті. Меншікті тілшіміз Жалғас Сәдібекұлы толықтырады.
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Президенттер өзара әңгіме барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарына ерекше назар аударды. Дональд Трамп экономика және сауда салаларындағы ықпалдастықты кеңейту маңызды екенін айтты. Сондай-ақ тараптар халықаралық ахуалға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. АҚШ басшысы екеуара әңгіме жайлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
«Жаңа ғана аса құрметті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен тамаша әңгіме болды. Олар Америка Құрама Штаттарының локомотивтері мен теміржол жабдығын құны 4 миллиард доллар тұратын тарихтағы ең ірі теміржол техникасын сатып алуға қол қойды. Біз жылдар бойы жалған экологтардың шабуылына ұшыраған АҚШ-тың теміржол саласына қолдау көрсетуіміз керек. Президент Тоқаевты үлкен сатып алуымен құттықтаймыз. Бұл ел мен әлем сенімді, әдемі теміржолдар арқылы өркендейді. Енді олар тез оралады!»
Wabtec Kazakhstan 300 локомотив жасап шығарады
Уағдаластық америкалық Wabtec компаниясымен жасалды. Құжатқа сай Қазақстанда техникалық тұрғыдан жетілдірілген 300 локомотив шығарылып, сервистік қызмет көрсетілмек.
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Жалпы сомасы 4,2 миллиард доллар болатын келісімге қол қою рәсіміне АҚШ Сауда министрі Говард Латник те қатысты. Ол Құрама Штаттардың Қазақстанмен сауда-экономикалық, индустриялық, көлік-логистикалық және инвестициялық салаларда бірлескен жобаларды дамытуға мүдделі екенін жеткізді.
Говард Латник, АҚШ Сауда министрі:
«Біздің Президентпен сөйлескеніңізге өте қуаныштымын. Ол Сізбен бірлесіп, көп жұмыс атқаруға ниетті екенін айтты. Екі елдің экономикалық ынтымақтастығын нығайту өзара сауда байланыстарын дамытуда негізгі рөл атқарады және маңызды минералдарды игеру саласында жаңа мүмкіндіктер ашады. Біз бұл бағытта бірлесіп инвестиция құя аламыз».
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Көлік технологиясы бойынша әлемдегі көшбасшы компания еліміздің теміржол саласын жаңғыртуда негізгі серіктестеріміздің бірі. 2009 жылы Астанада іске қосылған Wabtec Kazakhstan локомотив құрастыру зауыты осы кезге дейін 600-ден астам локомотив жасап шығарды. Оның жартысына жуығы қазір өзіміздің кәсіпорында дайындалады. Яғни, отандық үлес жылдан жылға артып келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлы дала жорығы: Үшінші күн
23.09.2025, 11:26

«Айдосты кішкентай кезінен спортқа баулыдым»
23.09.2025, 10:00
Елордалықтар Чемпионды салтанатты түрде қарсы алды
23.09.2025, 10:00
«Jambyl» телеарнасында 12 ертегіге мультфильм түсірілді
23.09.2025, 10:00
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Бас хатшысымен кездесті
23.09.2025, 10:00
«Ұлы дала жорығы»: Жетісу облысының командасы алда келеді
22.09.2025, 20:09
Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді
22.09.2025, 20:08
Amazon Қазақстанды спутниктік байланыстың өңірлік хабы ретінде қарастырады
22.09.2025, 19:47