Жетісу облысының Талды ауылына жаңа саябақ салынды
Жетісу облысындағы Талды ауылының тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясы аясында өздері ұйымдасып, жаңа саябақ салды. Осылайша 1 гектар аумақ көпшіліктің тынығатын орнына айналды. Паркте балаларға арналған ойын алаңы, жаяу жүргіншілер жолы, шағын субұрқақ пен жарықшамдар орнатылған. Құрылысқа осы ауылдан шыққан азаматтар көмектесіп, «ауылдық қор» есебінен де қаражат жұмсалған.
Нұрмұхамет Атамбеков, Талды ауылының тұрғыны:
Жетісу облысы бойынша біздің ауыл көрікті ауыл. Таза ауыл деп айта алам. Себебі бәрі салынып жатыр. Саябақ бар, мектеп бар, газ бар, су бар. Ауасының өзі қандай. Ең күшті ауыл деп айта алам.
Қуандық Әшіржанов, Талды ауылдық округінің әкімі:
Қазан айынан бастап көшет егу уақыты басталған кезде, ауылымызда әлі де абаттандыру, жасылдандыру ойымызда бар.
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарағандылық жастар киберспорттан әлемдік аренада бақ сынайды
19.09.2025, 17:48

Атырау облысындағы «Балқұдық – Сүйіндік» тасжолы 2028 жылы жөнделеді
19.09.2025, 17:41
Педиатр бөлімдері жабылады деген ақпарат жалған
19.09.2025, 17:35
Ақтөбе облысында жайылым жерге талас көбейді
19.09.2025, 17:33
Электрондық саудаға салықтан жеңілдік жасалады
19.09.2025, 17:27
Орталық Азияның 75 пайызында су жетіспеушілігі байқалады
19.09.2025, 17:21
Су тапшылығының алдын алу үшін Қазақстан мен Өзбекстан біріге жұмыс істейді
19.09.2025, 17:18
Қызылорда шаруаларын қолдауға ₸31 млрд бөлінді
19.09.2025, 17:15