Басты Жаңалықтар Су тапшылығының алдын алу үшін Қазақстан мен Өзбекстан біріге жұмыс істейді

Су тапшылығының алдын алу үшін Қазақстан мен Өзбекстан біріге жұмыс істейді

Болашақта су тапшылығы Орталық Азия елдері үшін өткір проблемаға айналуы мүмкін. Суды үнемді пайдалану, мұны әсіресе жастардың санасына сіңіру өте маңызды. Қазақстан Президенті өз жолдауында осы мәселені орынды көтерген, - дейді халықаралық журналист, өзбекстандық қоғам белсендісі. Мемлекет басшысы су – стратегиялық маңызы бар ресурс, сусыз өмір жоқ. Сондықтан бұл сала ұлттық цифрлық жаңғыру жұмысындағы басты бағыттың бірі болуға тиіс екенін атап өтті. Су ресурстарының бірыңғай платформасын жасау, ұзақ мерзімге арналған су саясатын жоспарлау жайына тоқталды. Су үнемдейтін технологияларды енгізу жұмыстарының әлі де баяу жүріп жатқанын жеткізді.  

Мирасрор Ахроров, халықаралық журналист, қоғам белсендісі:
Бүкіл Орталық Азия мемлекеттері су көздерін тиімді пайдалану, тіршілік нәрін үнемдеу тұрғысында күш біріктіруі тиіс. Тың технологиялар енгізу, жаңаша әдіс-тәсілдерді пайдалану бойынша жұмыла әрекет етсек, ұтарымыз мол. Бұл мәселеге Қазақстан президентінің ерекше назар аударып отырғаны аса құптарлық. Тамшылатып суғару тәсілдерін кеңінен қолдану, бар суды көздің қарашығындай сақтау маңызды.


Бөлісу