Басты Жаңалықтар Электрондық саудаға салықтан жеңілдік жасалады

Электрондық саудаға салықтан жеңілдік жасалады

Электронды сауда жүргізетін кәсіпкерлер үшін салықтық жеңілдіктер көп. Осы бағыттағы жұмысты ширату үшін сауда алаңдарын агент ретінде қарастыру бастамасы көтеріліп жатыр. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Алматыда өткен жиында айтты. Басқосуға Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері, кәсіпкерлер мен сарапшылар қатысты. Жиында жаңа Салық кодексінде қарастырылған салықтық әкімшілендіруді жеңілдету мен кәсіпкерлерге жайлы жағдай жасауға қатысты шаралар талқыланды. Оның ішінде салық есептілігін 30%-ға азайту, камералды тексерулерді алдын алу форматына ауыстыру және шағын берешек үшін шоттарды автоматты түрде бұғаттаудан бас тарту мәселесі қозғалды. Сондай-ақ құжаттағы бірқатар жаңашылдықтар интернет саудаға да оң ықпалын тигізеді дейді мамандар.

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:

Жеке кәсіпкерлер осы алаңда сататын болса, оларға алдын ала декларациясын толтырып береміз. Сіздің айналымыңыз осы айда 10 млн теңге, сізге осы 10 млн теңгеден 4 пайыз салық төлеу керек деп. Сондай ақпарат беріп, егер келіссе, автоматты түрде салық орындалатын болады. Сондай да жағдай жасап жатырмыз. Болашақта агенттік қосымшасын жасау әлде де талқыланып жатыр. Оны да қарастырамыз.


Бөлісу