Басты Жаңалықтар Қызылорда шаруаларын қолдауға ₸31 млрд бөлінді

Қызылорда шаруаларын қолдауға ₸31 млрд бөлінді

Биыл елімізде шаруаларды қолдауға бір триллион теңге жұмсалды. «Мұндай ауқымды қолдау елімізде бұрын-соңды болған емес», - деді Президент Қазақстан халқына Жолдауында. Мемлекеттен бөлінген қыруар қаржы Сыр өңірінде агросалаға тың серпін беріп, заман талабына сай технологиялар кеңінен қолданысқа енді.   

Жыл сайын өңірде шамамен 500 мың тонна күріш дақылы жиналады. Бұрын аймақта Сыр салысын ақтайтын зауыттар жеткіліксіз болса қазір әр шаруашылықтың заман талабына сай цехы бар. Мәселен өңірдегі ірі агросеріктестік «Абзал» компаниясы Корей технологиясын енгізген. Қондырғылар толықтай автоматтандырылған. Жұмыс процесі цифрлық жүйеге көшкен.

Нұрлан Төлегенов, зауыт меңгерушісі:

Қашықтан басқаруға тиімді және де басқа планшетте де орналасқан программа. Мысалы ол басқа қалада жүріп те басқара алады. Көре алады, зауыттың жүріп тұру процесін, қай жері бұзылып тұрғанын барлығын көрсете алады.

Аймақтағы белді күріш өндіруші серіктестік мемлекет қолдауы арқасында шаруасын өркендетіп, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізіп келеді. Жыл соңына дейін күн энергиясымен жұмыс істейтін заманауи заутты іске қоспақ.

Сағидулла Сыздықов, серіктестіктің коммерциялық директоры:

Бұл күріш ақтайтын зауыт 12 тонна сағатына. Орта Азияда ең үлкен алғашқы зауыт деп саналады. Мұндай зауыттар, Ресейде де жоқ. Көршілес елдерде де жоқ. Үкімет ақша жағынан қолдап жатыр. Субсидияны уақытылы беріп жатыр.

Жалпы облыста 1200 шаруаға биыл 14 миллиард теңгеден астам субсидия қаралған. Соның нәтижесінде аймақта 67 млрд теңгенің ауыл шаруашалығы өнімдері алынып, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда біршама ұлғайған. Ал тамақ өнімдері 15 пайызға артып отыр.  

Талғат Дүйсебаев, Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Жалпы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 9 млрд-қа жетіп, өткен жылдың сәйкестік кезеңімен салыстырғанда 80 пайызға артып отыр. Әрине бұл мемлекеттік қолдаудың арқасында.

Сондай-ақ агросаланың қарқынды дамуына «Кең дала-2» бағдарламасы оң ықпалын тигізуде. Төмен пайызбен несие алудың талаптары жеңілдетіліп, биыл 80-нен астам шаруа 14 млрд теңге қаржылай қолдау көрді.


Бөлісу