Басты Жаңалықтар Ирак Түрікменстан газын Иран арқылы ала алмай отыр

Ирак Түрікменстан газын Иран арқылы ала алмай отыр

Ирактың Түрікменстан газын Иран арқылы импорттау әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Себебі АҚШ Бағдатқа санкциядағы елден энергетикалық отын алуға рұқсат етпеген.

Жалпы алғанда, Ирак Түрікменстаннан Иран арқылы жылына 5 милллиард текше метр газ тасымалдауды жоспарлапты. Сол мақсатына жету үшін ресми Бағдат Вашингтонмен бірнеше ай бойы келіссөз жүргізген.

Бірақ «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Америка әкімшілігі кейінгі кездері «ядролық бағдарламасын дамытты» деген себеппен Тегеранға қарсы қысымды күшейтіп, оның энергетикалық нарықта пайда табуына мейлінше қарсылық білдіріп отыр.

Осы келіспеушілік салдарынан қазір Иракта электр энергиясын өндіру қиындап, оның зардабын халық тартып жатыр.


Бөлісу