Орта Азияда теңдесі жоқ «Ескек есу» арнасы ашылды
Түркістанда халықаралық талаптарға сай бой көтерген бірегей спорт кешені - «Ескек есу» арнасы ел игілігіне берілді. Заманауи жасанды су айдыны - ескек есу, байдарка және каноэ спорттарына арналған. Аумағы 100 гектар жерді алып жатқан арнаның жалпы ұзындығы 2 шақырымнан асады. Ені - 260 метр, тереңдігі - 4 метр. Кешенде спорттың 6 түрінен 500-ге жуық спортшы тұрақты түрде жаттыға алады. Мұнда Әлем және Азия кубогы деңгейіндегі жарыстарды өткізуге болады. Жыл он екі ай оқу-жаттығу жиынын өткізуге мүмкіндік бар, - дейді мамандар. Орта Азияда теңдесі жоқ жоба бірнеше бағытта қызмет атқарады. Спорт, туризм және ирригация салаларының басын біріктіреді. Жоба аясында Орталық Азия мемлекеттері арасындағы алғашқы өңірлік хаб құрылады. Ол заманауи спорт пен туризмнің дамуына серпін бермек.
Азар Илясов,Әзербайжан ұлттық командасының мүшесі:
Ескес есу арнасы су спортынан түрлі жарыстар өткізуге өте қолайлы екен. Мұнда барлық жағдай жасалған. Кешен халықаралық стандарттарға сай және толық автоматтандырылған жүйемен жабдықталған. Қазір әртүрлі елден келген спортшылар осында жаттығуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
