Басты Жаңалықтар Петропавл жастары экология мәселесін талқылады

Петропавл жастары экология мәселесін талқылады

Петропавл қаласында жастарға ашық аспан астындағы кинотеатрда экологиялық мәселелер жайында қысқа метражды фильмдер көрсетілді. Акция «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылды. Шарада Каспий теңізінің тартылуы, климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы сынды өзекті проблемалар көтерілді. Көрсетілімнен кейін жастар әр адам экологиялық мәселелерді шешуге қандай үлес қоса алатыны жайында ойларын ортаға салды.

Гүлбақыт Байбосынова, қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы:

1200-дей іс-шара өткізіпіз. Оның ішінде әртүрлі акцияларымыз бар. Онда әр бейсінбі сайын парктерді, скверлерді, демалушы орындарды жинаймыз. Өзен, су жағалауларын қалдықтарын жинап, 61,4 тоннаға дейін қалдық жинап тапсырдық.


Бөлісу