Микроқаржы ұйымдарынан несие алу тіптен қиындайды
3 млн-ға жуық қазақстандық 1 жылға жуық уақыт ішінде осынша адам несиеден ерікті түрде бас тартқан. Бұл жөнінде
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім
етті. Несиеден ертікті түрде бас тарту алаяқтардан сақтайды. Яғни сіздің атыңыздан
ешкім несие рәсімдей алмайды. Ал өтінішті е-Gov Mobile қосымшасы арқылы бересіз. Несие демекші, енді микроқаржы ұйымдарынан
несие алу тіптен қиындай түспек. Төлемді бір күн кешіктіргендерге мүлдем несие
берілмеуі мүмкін.
Мәдина Әбілқасымова, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы:
Бір күн микроқаржы ұйымына төлемесе жаңа кредит ала алмайды. Нормативтік негізде бұл норманы қабылдадық. Қыркүйектің аяғында жүзеге асады.
Банк пен банк қызметтері туралы заңға әлі де өзгерістер енгізіледі. Бірер сағат бұрын ғана Мәжілістің комитет отырысында жаңа заң жобасы таныстырылды. Құжатта несиенің пайыздық үстемақысын төмендету тетігі қарастырылмаған. Яғни несие бұған дейін қалай берілді, сол тәртіппен беріле береді. Жаңа құжатта банк қызметін реттеудің бес міндеті көзделген. Негізгі басымдық - бәсекелестікті арттыруға бағытталған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
