Басты Жаңалықтар Жолдау Қазақстан экономикасына оң әсер етеді

Жолдау Қазақстан экономикасына оң әсер етеді

«Президент Жолдауы Қазақстан экономикасына оң әсер етеді», - дейді шетелдік сарапшылар. Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Екі елдің саясаткерлері, сарапшылары мен сараптамалық топ өкілдері бас қосқан дөңгелек үстел барысында тарихи құжаттың маңыздылығы атап өтілді. Жолдауда әлеуметтің әлеуетін арттыруға басымдық берілгені айтылды. «Жолдау нақты міндеттер белгіленген жұмыс жол картасы», - дейді дөңгелек үстелге қатысушылар. Мемлекет басшысы әлеуметтік мәселелерді шешу, құқық үстемдігін қамтамасыз ету қажеттілігін атады. Ал бір палаталы парламент құру идеясы және оны халықпен талқылау туралы бастама Қазақстанда жүйелі реформалардың қолға алынғанын көрсетеді дейді олар.

Александра Перминова, Қытай және Қазіргі Азия институтының ғылыми қызметкері:

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, әлемде көптеген елдерде бір палаталы Парламент бар. Яғни бұл саяси реформа ешкімге таңсық емес. Мәселен, Қазақстан үшін Сингапур елін мысалға келтіруге болады. Сингапурда 90-ға жуық депутат бар. Республиканы президент басқарады. Яғни, бұл тәжірибе әлемнің бірқатар елінде бар. Бір палаталы Парламент ол Қазақстан Президенті ұсынған саяси реформаның бір бөлігі ғана.


Бөлісу