Басты Жаңалықтар Киберқылмысқа тосқауыл болатын интеллектуалды жүйе керек

Киберқылмысқа тосқауыл болатын интеллектуалды жүйе керек

Әлеуметтік желі арқылы жұртты тақырға отырғызған алаяқтарға тосқауыл болмай тұр. Қылмысты ауыздықтау үшін Мемлекет басшысы Жолдауда киберқылмыстың алдын алуға мүмкіндік беретін  интеллектуалды жүйе құру керектігін айтты. Қажет болса тиісті заңға және құқық қорғау органдарының қызметіне өзгерістер енгізу керек деп тапсырма берді. Көпшілікті бұл ойды құптап отыр.

Сауалнама

Қарағанды

Қазір өзіміз де көріп жатамыз. Ел интернет алаяқтардың құрбаны боп жатады. Көбінесе үлкен кісілер. Қазір бөтен адам хабарласса, қорқатын болдық. Сол жағын қолға алса.
Талдықорған
Президентіміз өзінің Жолдауында алаяқтыққа қарсы интеллектуалды жүйе құру қажет екенін айтты. Қазір алаяқтар көбейіп бара жатыр. Тіпті алдаудың түрлі тәсілдерін ойлап тапқан. Осыған байланысты енді шара қолдану қажет секілді. Азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет.
Президентіміздің соңғы Жолдауында тілге тиек еткені алаяқтыққа байланысты мәселе. Қазіргі таңда өзекті болып табылады. Күн сайын бізге белгісіз хабарламалар, қоңыраулар түсіп жатады. Қазіргі таңда соған байланысты түсіндірмелер жүргізіп, заң органдарының жұмыстары күшейтілуі керек.


Бөлісу