Ауылдарда жыл соңына дейін 115 емхана пайдалануға беріледі
Бұрын-соңды медициналық мекеме болмаған 194 елді мекенде денсаулық сақтау нысандары салынды. Жауапты министрлік «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді. Президент 3 жыл бұрын 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын соғуды тапсырған. Соның 540-ы дайын. Жыл соңына дейін 115 нысан пайдалануға беріледі. Вице-министр Тимур Мұратовтың сөзінше, медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салуда Жетісу облысы артта қалды. Аймақ жыл аяғына дейін әлі 40 орталықты пайдалануға беріп үлгеру керек. Қарағанды облысы да соңғы қатарда. Онда 27. Ал Алматы өңірінде 19 денсаулық сақтау мекемесі салынып бітуі тиіс. Кестеден кешігіп жатқан ғимараттарға қатысты министр орынбасары былай деді.
Тимур Мұратов, Денсаулық сақтау вице-министрі:
Жетісу облысының өзіндік ерекшеліктері бар. Көпшілік елді мекендер таулы жерде орналасқандықтан, жерді ауыстыру мәселелері болды. Дегенмен облыстың айтқаны бойынша біз осы жылдың аяғына дейін барлығын толыққанды аяқтаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
