Алматыда Ассамблея жастарының Халықаралық слеті өтті
Алматыда Ассамблея жастарының басын қосқан Халықаралық слет өтті. Басқосуда «Фараби студенттік Ассамблеясы» құрылды. Ұйымға қазірдің өзінде 100-ге жуық студент өтініш білдірген. Үш күнге созылатын жастар лагеріне еліміздің 16 өңірі мен Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан мен Тәжікстанның этномәдени бірлестік өкілдері келді. Қатысушылар шарада әлеуметтік жобаларды түрлендіріп, креативтілікті қалыптастыру жайын қозғады. Әрі саяси мәдениетті арттырып, мемлекеттік тілді ілгерілетуге, тұлғалық дамуға бағытталған тренингтерге қатысты.
Тимур Жұмырбаев, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы:
Біз талантты студенттердің басын біріктіріп, ортақ ой мен идеяға негізделген ұйым құруды көздедік. ТМД елдері арасында жастардың емін-еркін араласып, білім алуына жағдай жасаймыз. Олар қоғамның түрлі саласына белсене атсалысып, түрлі бағытта халықаралық тәжірибені игеруі керек.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Назым Қызайбай жартылай финалға шықты
12.09.2025, 18:46

Жетісу облысында заңсыз төгілген 146 қоқыс орны анықталды
12.09.2025, 18:44
Отбасы күні қарсаңында 70 жыл отасқан жұптар бас қосты
12.09.2025, 18:42
Мыңдаған отбасы қолдау орталықтарынан көмек алды
12.09.2025, 18:40
Жетісу облысында «Еңбек жолы» байқауы өтуде
12.09.2025, 18:39
Еңбек адамы: Оқушылары озат ұстаз
12.09.2025, 18:37
Астанада жас дінбасылардың II форумы өтеді
12.09.2025, 18:32
Әлеуметтік желідегі жеке деректердің құпия болуы маңызды
12.09.2025, 18:29