Назым Қызайбай жартылай финалға шықты
Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында Назым Қызайбай жартылай финалға шықты. 48 келі салмақ дәржесінде жұдырықтасқан жерлесіміз украиналық қарсыласы Ханна Охотаны сенімді түрде жеңді. Қос боксшы арасындағы тартысты жекпе-жек 5:0 есебімен отандасымыздың пайдасына шешілді. Назым Қызайбайдың келесі жекпе-жегі ертең өтеді.
Айта кету керек, тағы бір боксшымыз 50 келі салмақ дәржесінде Санжар Тәшкенбай үндістандық Жадумани Сингх Мандегбаммен шаршы алаңға шығып, жеңді. Сондай-ақ 60 келі салмақта Виктория Графеева бразиялық Ребека Де Лима Сантоспен бокстасады. Ал кешкі сессияда, дәлірек айтсақ Астана уақытымен сағат 22:00-де Қазақстан құрамасынан Айбек Оралбай, Елдана Тәліпова және Аида Әбікеева ел намысын қорғайды. Жекпе-жекті тікелей эфирден «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
