Еңбек адамы: Оқушылары озат ұстаз
Тараз қаласындағы Төле би атындағы №8 гимназияның 8-11 сыныбындағы оқушылар ағылшын тілін 100 пайыз меңгеріп алған. Ал бұл дегеніміз 730 бала еркін сөйлейді деген сөз.
Білім ұясында шет тілін тереңдетіп оқыту үрдісі қарастырылмаса да, оқушылары шеттерінен озат. Өйткені оларға білім беру ісінде 30 жылдық тәжірибесі бар Ұлмекен Ибраева сабақ береді. Педагог ширек ғасырдан астам уақыт ішінде мыңдаған оқушының санасына білім құйды. Ал 200-ден астам оқушысы қалалық, облыстық және республикалық білім бәйгелерінде жүлделі орын алған. Ұлмекен ұстаз апта ішінде тоғыз сыныпқа сабақ өтеді. Жалпы, гимназияның түлектері жылда Ұлттық бірыңғай тестілеуде бірінші орын алады. Олар пәндік 40 сұрақтың 38-не дұрыс жауап береді екен. Ал ағылшын тілін тестілеудің халықаралық жүйесі «IELTS»-тан 7 жарым балл алып жүр. Осы еңбегі үшін педагог үздік ұстазға берілетін Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен марапатталған. Бүгінде мұғалім ағылшын тіліне арналған авторлық бағдарлама жазып жатыр. Әдестемелік құрал 9 сыныптарға арналған жазудан оқуға дейінгі 90 беттік толық циклды қамтиды.
Ұлмекен Ибраева, Төле би атындағы №8 гимназияныңт ағылшын пәні мұғалімі:
Оқушыларымның жеткен жетістігін өзімнің жеткен жетістігім деп есептеймін. Себебі мұғалімнің жетістігі, мұғалімнің мәртебесі оқушы жетістігі арқылы көрінеді. Білім алушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін ол оқушы сыныпта тыңдаушы тұлға емес, белсенді тұлға ретінде сезіне білуі керек. Ол өзін солай сезінген жағдайда ғана жоғары нәтижеге жете алады деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
