Отбасы күні қарсаңында 70 жыл отасқан жұптар бас қосты
14 қыркүйек – Отбасы күні. Қазақстанда бұл мереке 2013 жылдан бастап жыл сайын қыркүйектің әрбір екінші жексенбісінде аталып өтеді. Ерекше дата қарсаңында бүгін 55, 60 және 70 жыл бұрын отау құрған 20 жұп бас қосты. Олардың арасында белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мүшелері де бар. Зейнеткерлер мерекелік концертін ұсынды. Ұзақ жыл отасқан мерейлі отбасыларға сыйлықтар табысталды. Олар өз кезегінде жас жұптарға ақжарма батасын беріп, тілектерін жеткізді.
Қалибек Алтыбаев, Журналистер одағының мүшесі:
Біздің үйленгенімізге, міне, 60 жыл болды. Біз аман-есен келе жатырмыз. Біз ұл өсірдік, қыз өсірдік. Немере өсірдік. Қаншама шөбереміз бар. Осылардың барлығы қазір аман-сау жүріп жатыр. Ұзақ өмір сүрген адамдарға осындай құрмет көрсетіліп жатыр. Мұның өзі келешектегі жастарға да берер үлкен тәрбиелік мәні зор.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Назым Қызайбай жартылай финалға шықты
12.09.2025, 18:46

Жетісу облысында заңсыз төгілген 146 қоқыс орны анықталды
12.09.2025, 18:44
Мыңдаған отбасы қолдау орталықтарынан көмек алды
12.09.2025, 18:40
Жетісу облысында «Еңбек жолы» байқауы өтуде
12.09.2025, 18:39
Еңбек адамы: Оқушылары озат ұстаз
12.09.2025, 18:37
Алматыда Ассамблея жастарының Халықаралық слеті өтті
12.09.2025, 18:34
Астанада жас дінбасылардың II форумы өтеді
12.09.2025, 18:32
Әлеуметтік желідегі жеке деректердің құпия болуы маңызды
12.09.2025, 18:29