Басты Жаңалықтар Енді мобильді деректер статистика бюросына беріледі

Енді мобильді деректер статистика бюросына беріледі

Енді ұялы байланыс операторлары өз абоненттері туралы жалпы деректерді статистика мамандарына беруге міндеттелмек. Бүгін Сенат отырысында инновациялық қызметті қолдау және мемлекеттік статистика саласына өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобасы қаралып, екі оқылымда мақұлданды. Онда ұялы байланыс операторларына қатысты да өзгерістер бар. Байланыс операторлары абоненттерінің қай жерде, қанша уақыт болғанын анықтай алады. Сондықтан бұл өзгеріс тұрғындардың қоныс аудару, ішкі-туризм ағындарын дәлірек есептеу үшін қолға алынған. Ұлттық статистика бюросы басшысының айтуынша, қазіргі қолда бар ақпараттар толық емес. Мәселен, былтыр кедендік мәліметтер бойынша елге 7,1 млн турист кірсе, кәсіпкерлердің есебі бойынша бұл көрсеткіш тек 1,3 млн-ға жеткен. Яғни, 5 млн-нан астам турист ресми сан айғаққа енбей қалған. Жаңа талап байланыс операторларына қосымша қаржылық шығын жүктемейді дейді Мақсат Тұрлыбаев.

Мақсат Тұрлыбаев, Ұлттық статистика бюросының басшысы:

Осы мобильдік операторлардың ақпараты өте дәл және бізге керек деп санаймыз. Жалпы алғанда, осы ақпараттың барлығы ҰҚК келеді. Сондықтан жалпы алғанда мобильдік операторларға ешқандай қосымша шығын әкелмейді деп санаймыз.


Бөлісу