Мемлекет басшысы Конго Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Конго президенті Феликс Чисекедиді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Бұл –
қазақ елінің сізге деген ерекше құрметі және шынайы ризашылығы, халқыңызға
көрсеткен ыстық ықыласы, - деді Президент конголық әріптесіне.
Сондай-ақ
Қазақстан Республикасы мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы
қарым-қатынастардың қарқын алып жатқанын айтып, бүгін екі ел жылнамасындағы
тарихи күн екеніне тоқталды. Келіссөздер барысында екіжақты сауданы дамыту,
көлік-логистика, тау-кен, ауыл шаруашылығы және ақпараттық технологиялар,
цифрландыру салаларындағы ықпалдастық мәселелеріне баса мән берілді. Келіссөз
қорытындысы бойынша тараптар Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Бұдан бөлек
дипломатиялық консультацияға, тау-кен және геология саласындағы ынтымақтастыққа
қатысты ведомствоаралық құжаттарға қол қойылды.
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
