Ақмола облысында вандализммен күрес күшейді
Ақмола облысы аумағында биыл вандализм дерегі бойынша 500 заңбұзушылық анықталды. Дегенмен оған қарсы ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Бүгінде облыс аумағында 65 мыңнан астам бейнекамера жұмыс істейді. Бұл қоғамдық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеседі. Десе де, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру деректері азаймай отыр. Мәселен, жақында бұзақылар Көкшетаудағы жап-жаңа автобус аялдамасындағы әйнекті сындырып кеткен. Вандализм деректері әсіресе курортты Бурабайда жиі кездеседі. Туристер көп келетін аймақта жартасқа есімдері мен қала атауларын жазып кетеді. Енді бұған да тосқауыл қойылады. Мәселен, ауданда «Targеt-EYE» интеллектуалды бейнебақылау камерасы орнатылды. Құрылғы жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді. Ол адамдардың бет-жүзін анықтап, автокөліктің мемлекеттік нөміріне дейін тіркейді.
Бөтен мүлікті бүлдіруге байланысты әкімшілік-құқықбұзушылық жасағаны үшін бүгінгі күнде заңға сәйкес, 50 айлық есептік көрсеткіш көзделген. Сондай 108 адамның 54-і әкімшілік қамаққа алынды. Қалғанына 4,6 млн сомасына айыппұл салынған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
