Басты Жаңалықтар Алматыдағы зауыт ұжымы Жолдауды талқылады

Алматыдағы зауыт ұжымы Жолдауды талқылады

Алматыда Қазақстан Халық партиясының өкілдері темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт ұжымымен кездесті. Басқосуда Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын талқылады. Бұл кәсіпорын  жұмыс орындарын көбейтіп, заманауи технологияларды енгізіп келеді. Жиналғандар өндірістерді жаңғыртудың, құрылыс саласына жасанды интеллект пен цифрлық платформаларды енгізудің, сондай-ақ отандық кәсіпорындарды қолдаудың маңыздылығын сөз етті.


Жаңаби Қожахметов, «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ мүшесі:


Жаңа АЭС соғылатын болса, жаңа кәсіпорындар пайда болатын болса, жұмысшыларға орын көп бола ма, қандай орын болады? Жалпы, Жұмысшы жылында жұмысшылардың атағын көбейту және төлемақысын көбейту бойынша сұрақтар қойылды.


Қуан Нұрақын


Бөлісу