Басты Жаңалықтар Ет қымбат: Депутат мәселені шешу жолын ұсынды

Ет қымбат: Депутат мәселені шешу жолын ұсынды

Сиыр етінің келісі 5000 теңгеден асты. Осылай деген Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев қымбатшылыққа алаңдаушылық білдіріп, шешу жолдарын ұсынды. Ол өз депутаттық сауалын Үкімет басшысы Олжас Бектеновке жолдап, нақты ұсыныстарын жеткізді. Ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру шараларын қайта қарауды, делдалдар мен алыпсатарлардың әрекетін шектеуді, ал фермерлерге өнімін еркін өткізуге мүмкіндік беруді сұрады.

Жигули Дайрабаев, Мәжіліс депутаты:


Бүгінде мал шаруашылықтарында 1 келі сиыр етінің өзіндік құны 2500 теңгені құрайды, ал бөлшек саудада бұл көрсеткіш 5000 теңгеге дейін өсіп отыр. Демек фермерлердің табысы азайып, басты пайда алыпсатарлардың қолында қалуда. Мұны реттеуші Сауда министрлігі мен әкімдер қайда қарап отыр?


Самал Қабышева


Бөлісу