Басты Жаңалықтар Жамбыл облысындағы есірткі алқабының 50% жойылды

Жамбыл облысындағы есірткі алқабының 50% жойылды

Жамбыл облысы, Шу ауданында бұған дейін 140 мың гектарға жуық аумақты алып жатқан есірткі алқабының бүгінде 50%-дан астамы жойылды. Биыл үш айға жалғасқан ору жұмыстарының өзі былтырға қарағанда үш жарым есеге артық.

Өткен жылы өңірде мың тонна қарасора жойылса, биылғы меже 3 мың 400 тоннадан асады. Бірақ соңғы жылдары жабайы қарасора жайлаған аумақ Шудың шекарасынан шығып, Мойынқұм, Меркі, Тұрар Рысқұлов және Байзақ ауданында өздігінен өсетін болған. Дегенмен есірткіге қарсы күрес басқармасы қарасораның қаптап кету қауіпін тұрақты жою жұмыстары арқылы сейілтіп отыр.

Айта кетейік, аймақта жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысты 361 дерек анықталған. Бұл былтырғыға қарағанда 32 дерекке көп. Жалпы аймақта зиянды заттарды кәсіп көзіне айналдырған арнайы дайындалған қылмыстық топтар да жиі кездеседі.

Асқар Жұмабеков, облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы:

Заңсыз есірткілік дәрі-дәрмектер айналымына қатысы бар 8 адамнан тұратын қылмыстық топ ҚР ҚК 262 бабы, 1 және 2 бөлігімен жауапкершілікке тартылуда. Полиция департаменті синтетикалық есірткінің таралуының жолын кесуге ерекше назар аударып отыр. Жыл басынан бері 12 адам ұсталып, заңсыз айналымнан 9 кг-нан астам синтетикалық есірткі тәркіленді.


Данияр Әлімқұл

Бөлісу