Күмәнді әрі тиімсіз әлеуметтік төлемдер қысқартылады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі барлық күмәнді және тиімсіз әлеуметтік жеңілдіктер мен төлемдерді қысқартуы тиіс. Үкіметте Президент Жолдауын жүзеге асырудың тетіктері талқыланып, елдің экономикалық секторына нақты міндеттер жүктелді. Оның ішінде барлық салаға ақылды жүйені енгізу, инфляцияны төмендету, инвестиция тарту мен бизнесті шектен тыс тексерістен қорғау сынды шаралар бар.
Осы жылдың 1 желтоқсанына дейін әлеуметтік қолдау шараларының барлық өңірлерге арналған бірыңғай стандартын әзірлеу қажет.
Ең бастысы әлеуметтік әділеттілік сақталуы керек. Масылдыққа жол жоқ. Мемлекеттен берілетін көмекті шын мұқтаждар ғана аулы тиіс.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Барлық күмәнді, тиімсіз әлеуметтік жеңілдіктер мен төлемдерді алып тастау керек. Болды, осы мәселеге нүкте қою керек. Біз әлеуметтік әділеттілікті сақтап, масылдық пиғылды азайту үшін шаралар қабылдаймыз.
Инфляцияны төмендету шаралары қайта қаралады
Жолдауда инфляция мәселесі де айтылды. Қымбатшылыққа себеп болып, халыққа айырықша сезіліп отырған нарық тұрақсыздығының дайын тұрған шешімі жоқ. Дегенмен мынадай ұсыныс айтылды.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық
экономика министрі:
Инфляцияға қарсы саясаттың қосымша бастамаларының бірі - инвестицияларға тапсырыс беру. Ол нарықты отандық өнімдермен толықтыру үшін көптеген шағын өндірістер құруды қаматамасыз етеді. Бұл ретте Үкімет пен Ұллтық банктің жақын перспиктивадағы біріңғай мақсаты инфляция деңгейін 5-6 пайызға дейін азайту.
Яғни, инфляция деңгейін төмендетудің ең тиімді жолы инвестиция тарту. Осы орайда Ұлттық экономика министрлігіне екі апта ішінде салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, қосылған құны жоғары өнім өндіру жөніндегі жобаларға қаржы тарту шараларын әзірлеу міндеттелді.
Бизнес шектен тыс тексерістен қорғалмақ
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Президент Жолдауын жүзеге асырудың тетіктері пысықталған жиында бизнесті шектен тыс тексерістен қорғауға қатысты да нақты тапсырмалалар берілді. Салаға қатысты 21 кодекс, 300-ден астам заң бар. Оларға тым көп түзету енгізілген. Кейбір нормалар бір-біріне қайшы келіп жатады. Осы мәселе жақын арада шешілуі тиіс.
Алдағы 5 жылда 1 млн адам ЖИ-ді меңгереді
Мемлекет басшысының Жолдауына арқау болған цифрландыру мәселесіне қатысты да бірқатар міндет жүктелді. Мәселен, Цифрлық даму министрлігі Парламент қабырғасында Цифрлық кодекстің және «Жасанды интеллект туралы» заң жобаларының пысықталуын жеделдетуі тиіс. Министрдің сөзінше, халыққа ЖИ дағыларын үйрету жұмыстары да қолға алынбақ.
Жаслан Мәдиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
Бес жыл ішінде біз 1 миллион азаматқа жасанды интеллект дағдыларын үйретеміз. Халықаралық alem.ai ЖИ орталығын құруға ерекше көңіл бөлінеді, ол білім, ғылым, бизнес және мемлекеттік технологияларды біріктіреді. Бүгінгі таңда ЖИ экономиканың барлық негізгі салаларына енгізілуде.
Айта кету керек, болашақта құрылатын Жасанды интеллект
пен цифрлық даму министрлігі де осы ведомство негізінде өз жұмысын бастайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
