Бүгін 9 боксышымыз шаршы алаңға шығады
Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында бүгін 9 боксшымыз шаршы алаңға шығады.
Ерлер сапынан Махмұд Сабырхан, Санжар Тәшкенбай, Ертуған Зейнулинов, Нұрбек Оралбай және Бекзад Нұрдәулетов ел намысын қорғайды. Ал әйелдер арасында Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Виктория Графеева және Наталья Богданова рингке шығады. Жекпе-жектердің бірнешеуі біздің уақытпен сағат 16:00-ге жоспарланған. Ал спортшылармыздың бірқатары сағат 22:00 шамасында рингке шыға бастайды. Барлық жекпе-жекті «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалауға болады.
Айта кетейік, кеше ел
құрамасынан жеті боксшы сынға түсті. Аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбай Әлем
чемпионатын сәтті бастады. Бейбарыс Жексен үндістандық қарсыласын жеңді. Аида
Әбікеева ширек финалға өтті. Сағындық та
осы кезеңге шықты. Төрехан Сабырхан екінші жеңісіне жетті. Гүлсая Ержан да
қарсыласынан басым түсті. Өкінішке қарай, боксшымыз Сабыржан Аққалықов жарыстан
шығып қалған болатын.
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
