Басты Жаңалықтар Мектептерге «Адал азамат» бағдарламасы енгізілді

Мектептерге «Адал азамат» бағдарламасы енгізілді

«Адал азамат» бағдарламасы барлық білім беру ұйымдарына енгізілді. Енді мектептерде сабақтар осы тұжырымдама негізінде өтеді. Яғни, білім берумен қатар рухани құндылықтарға ерекше ден қойылады. Бұл туралы Біртұтас тәрбие бағдарламасына арналған халықаралық жиында айтылды. Іс-шараға Ұлыбритания мен Сингапурдан келген сарапшылар қатысты. Олар өз мектептерінде дәріптелетін құндылықтар жайында сөз қозғады. Біздің тарап та «Адал азамат» тұжырымдамасына қатысты пікірлерін айтты. Мақсат – өзара тәжірибе алмасып, білім бағдардаламасын халықаралық деңгейге шығару.


Том Харрисон, Бирмингем университетінің орталық директоры:


Бұрын дамыған елдердегі мектептерде тек ғылымға ден қойылса, қазір бірте-бірте рухани құндылықтарға басымдық беріліп жатыр. Мәселен, Англияда ол үшін арнайы бағдарлама құрылған. Қазақстанда да «Адал азамат» тұжырымдасы бар екен. Онда тәртіп, адал еңбек бірінші орынға қойылған.


Жанел Өтеулі

Бөлісу