Басты Жаңалықтар Жетісу облысында қылмыс 11 пайызға азайған

Жетісу облысында қылмыс 11 пайызға азайған

Жетісу облысында барлық санаттағы қылмыс көрсеткіші былтырғымен салыстырғанда 11%-ға төмендеген. Оның ішінде аса ауыр қылмыстар 2%-ға азайған. Өңірде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында жыл басынан бері 3 мыңға жуық профилактикалық іс-шара өткізілді. Нәтижесінде мас күйінде қоғамдық орындарда тәртіп бұзған 4 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, нашақорлар жиналатын 141 притон анықталған. Ал әкімшілік қадағалау орнатылған 60 адам қосымша бақылауға алынды. Қылмыстың алдын алу шараларына қоғамдық көмекшілер, волонтерлер, үкіметтік емес ұйымдар да белсене атсалысқан.


 Жасұлан Байкенов, Жетісу облысы ПД бастығының орынбасары:


Учаскелік жедел профилактикалық іс-шарасы Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес Полиция департаменті бастығының  бұйрығына сәйкес Жетісу облысы аумағында, ҚР аумағында өткізіліп жатыр. Мақсаты – әр аудан, әр аула тексеріліп қоғамдық орындарда, көшелерде қылмыстарға жол бермеу. 1 қыркүйектен бастап, 30 қазан айына дейін өткізіледі.


Дамир Нұрмұхамет


Бөлісу