Францияда депутаттар премьер-министрге сенімсіздік білдірді
Франция парламентінің төменгі палатасы Ұлттық
ассамблея премьер-министр Франсуа Байру үкіметіне сенімісіздік вотумын
жариялады. Үкімет басшысының отставкаға кетуін 364 депутат қолдаған. Дауыс беру
Байрудың бастамасымен өтті. Премьер-министр 2026 жылға арналған бюджет жобасына
қатысты дағдарыс тұсында қолдау табуды мақсат еткен еді. Мемлекеттік қарыз өсіп
жатқандықтан, Байру келер жылы салық мөлшерлемелерін, әлеуметтік төлемдер мен
зейнетақыны қазіргі деңгейде қалдыруды ұсынды. Бұл бюджет шығындарын шамамен 44
миллиард еуроға қысқартуды көздейді. Алайда оппозициялық партиялар бұл жоспарға
қарсы шыққан. Енді Байру отставкаға кетуі тиіс. Ал президент Эммануэль Макрон
үкіметтің жаңа басшысын тағайындауы немесе елде мерзімінен бұрын сайлау
өтетінін жариялауы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
