Басты Жаңалықтар Президент Жолдауы: Үкімет іске кірісті

Президент Жолдауы: Үкімет іске кірісті


Бір палаталы Парламент құру, алдағы 3 жылда толықтай цифрлық мемлекетке айналу, елге инвестиция тарту. Сондай-ақ қайтарылған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізу. Кеше Президент Жолдауында айтылған осы бағыттар жедел жүзеге асуы қажет. Бірақ қалай? Бүгін Үкімет оның жүзеге асыру жолдарын пысықтамақ.


Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Дәл қазір мұнда Үкімет мүшелерінің қатысуымен жиын өтіп жатыр. Отырысқа әрине Мемлекет басшысының кешегі Жолдауы арқау болып отыр. Айта кету керек, Президент алдағы негізгі міндеттер деп 7 бағытқа тоқталды. Біріншісі елге тартылатын инвестиция көлемін ұлғайту. Бас прокуратураның заңсыз активтерді қайтарған комитеті енді инвесторлардың құқығын қорғайды. Сарапшылардың айтуынша, бұл ірі инвесторларға позитивті сигнал болуға тиіс. Сондай-ақ елімізде жаңа министрлік құрылады. Ол Жасады интеллект және цифрлық даму деп аталмақ. Мақсат алдағы 3 жылда толықтай цифрлық мемлекетке айналу. Саяси сала да назардан тыс қалған жоқ. Енді қос палата ыдырап, бір палаталы Парламент құрылмақ. Сондай-ақ ауыл шарушалығын жаңа денгейге көтеріп, қайтырлған жерлерді келесі жылдың ортасына дейін айналымға енгізу міндеті қойылды. Осының бәрі қалай жүзеге асырылмақ? Үкіметтің жоспары қандай? Бұны әрине жиыннан кейін білеміз.


Бөлісу