Мұрат Нұртілеу өзінің ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты жауап берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Мұрат Нұртілеу өзінің ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты жауап берді

Мұрат Нұртілеу өзінің ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты жауап берді

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Парламент қабырғасында көпшілік алдына шығып, өзінің ұсталғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысына келген Вице-премьерді кулуарда бір мезетте ондаған журналист қоршап алды. Журналистер министрден неліктен осы уақытқа дейін өзіне қатысты қауесетке пікір білдірмегенін сұрады. Мұрат Нұртілеу бұған: «Бәрі жалған. Әдеттегідей жұмыста болдым. Инвесторлармен келіссөз жүргіздім», - деп жауап берді. Ал «Фейк таратқан БАҚ өкілдерін сотқа бересіз бе?» деген сауалға: «Мен мұны өз басыма қабылдағалы отырған жоқпын. Қажет болса, тиісті органдар қолға алсын», - деді.


Еске салсақ, бұған дейін желіде Сыртқы істер министрі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірқатар лауазымды қызметкерлерінің ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.


Жанел Өтеулі

Бөлісу