Қытайда «Тапа» дауылы соқты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қытайда «Тапа» дауылы соқты

Қытайда «Тапа» дауылы соқты

Қытайдың Гуандун провинциясының жағалауында «Тапа» дауылы соқты. Бұл – биыл осы елде көтерілген 16-тайфун. Ол өңірге нөсер жауын, күшті жел әкелген. Балабақшалар, мектептер жабылып, теміржол қатынасында ауытқулар болып жатыр. Табиғи апатпен күреске 10 мыңнан астам құтқарушы тартылған. Қытайдың орталық метео қызметі жел екпіні бәсеңдеуі мүмкін, алайда нөсер жаңбыр әлі де жауатынын ескертіп отыр. 


Арай Төлегенқызы

Бөлісу