Петропавлдағы Ұлттық Ұлан курсанттары ант берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Петропавлдағы Ұлттық Ұлан курсанттары ант берді

Петропавлдағы Ұлттық Ұлан курсанттары ант берді

Петропавлдағы Ұлттық Ұлан әскери академиясына биыл қабылданған курсанттар Отан алдында адал қызмет етуге ант берді. 

Биыл жоғары оқу орнына 200-ге жуық талапкер қабылданған болатын. Академия алты мамандық бойынша офицерлерді даярлайды. 9 кафедра,  магистратура және қосымша білім беру факультеті жұмыс істейді. Оқу орны құрылған сәттен бері 5 мыңнан аса түлек диплом алды. Олар Ұлттық ұлан, мемлекеттік күзет, шекара қызметі, қорғаныс және төтенше жағдайлар Министрлігі сынды тағы басқа салаларда еңбек етіп жүр.


Әлібек Жұманов, курсант:


Әрбір ҚР азаматына өзінің әскери борышын өтеу өте маңызды деп санаймын. Әскери ант – әрбір азаматтың өмірінде тек бір-ақ рет қабылданады. Сол себептен де бұл өте бір қасиетті сондай бір мереке деп санаймын.



Эльмира Кәленова



Бөлісу