Қарағанды облысында «Табиғатты қорғайық!» атты экологиялық квест өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қарағанды облысында «Табиғатты қорғайық!» атты экологиялық квест өтті

Қарағанды облысында «Табиғатты қорғайық!» атты экологиялық квест өтті

Қарағанды облысы Абай қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Табиғатты қорғайық!» атты экологиялық квест өтті. Экологиямен байланысты қызықты ойындарға жүзден астам оқушы қатысты. Оларға 7 кезең бойы қоқысты сұрыптау, тазалау, әрі қайта өңдеу секілді маңызды ақпараттар түсіндірілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқушылардың экологиялық білімін арттыру арқылы, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға болады.


Әлемгүл Ыбырай, А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі:


Балаларға ойын түрінде квест ұйымдастырылды. Бірнеше кедергіден өтіп, балалар өз ойларын ашық жеткізуде. Мұндай шаралар жиі өтуі керек. Болашақ ұрпаққа маңызды деп ойлаймын.


Жандос Бақытұлы

Бөлісу