Боксшыларымыздың жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасы көрсетуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Боксшыларымыздың жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасы көрсетуде

Боксшыларымыздың жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасы көрсетуде

Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында кеше бес боксшымыз жеңіске жеткенін айттық. Ал бүгін рингке кімдер шығады? Ел құрамасынан ерлерде Бейбарыс Жексен (60 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалыков (75 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары), әйелдерде Аида Әбікеева (65 келі) және Гүлсая Ержан (80 келі) сынды былғары қолғап шеберлері шаршы алаңға шығады. Дүбірлі дода 4 қыркүйекте басталған еді және осы айдың 14-іне дейін жалғасады. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.


Азамат Бейбітұлы


Бөлісу