Президент: Су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын жасау керек
Тараздағы Қазақ ұлттық Су шаруашылығы және ирригация университетінің профессорлар құрамы мен студенттері Президент жолдауын бірге тыңдады. Оқу орны Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жасанды интеллект және Цифрлық даму министрлігінің құрылатынына қуанышты. Өйткені еліміздегі су саласы мамандарын даярлайтын жалғыз университет қазірдің өзінде бұл бағыттағы жобаларын жүзеге асырып жатыр. Заман талабы көрсеткендей, Су ресурстарын басқару, ирригация және гидрология салалары цифрлық шешімдерді қажет етеді. Бұл ретте жасанды интеллект деректерді талдап, суды үнемді пайдалану, климаттық өзгерістерді болжау және ауыл шаруашылығын тиімді жүргізуде үлкен қолдау көрсетеді. Университет ректорының айтуынша, жаңа министрлік аясында білім беру бағдарламалары жаңарып, студенттеріміз заманауи цифрлық құзыреттерді меңгереді. Бұл олардың халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына жол ашпақ.
Кәмшат Түсіпова,
Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің ректоры:
Университет пен жаңа министрліктің серіктестігі арқылы ғылыми жобаларға қолдау артып, заманауи зертханалар мен цифрлық платформалар дамиды деп ойлаймын. Ашылғалы бері бізде цифрландыру проректоры лауазымы бар, өйткені біздің университетіміз түгелімен ішіндегі операциялардың барлығы және білім беру бағдарламалары цифрлық құралдарды қолдану керек.
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
