Басты Жаңалықтар Кітап оқу - адамның өзін-өзі тануына жетелейді

Кітап оқу - адамның өзін-өзі тануына жетелейді

Тамызда, Абай күнінде 100 кітап сауалнамасының қорытындысы шыққан.

Әдеби, тарихи шығарма оқу – өзіңді, қоғамды тану. Кітап – іргетас дүниелерді ұғуға, оң-солыңды тануға және құлап кетпеуге, сансырап қалмауға, азамат болуға ықпалдасатын ең тиімді инструмент деп есептеймін.

Қазір мысалы, дүмше десем, қатты кетемін бе, жарайды, білігі анау айтқандай емес коуч көп. Олардың қоғамға тигізіп отырған кесіріне тіпті анализ жасалып жатқан жоқ...  Ал «Ақбілек», «Шолпанның күнәсі», «Көркемтай», «Көксерек», «Қош бол, Гүлсары!» сияқты шығармалардан бастап, Чеховтың, Буниннің, тіпті Довлатов, Мандельштам, О.Генри, С.Моэм т.б жүздеген авторлардың творчествосы іштегі бос кеңістікті толтырады. Негізі көп сұрақтың жауабы баяғыда беріліп қойған.

Әдебиеттің ізгілік себетіні – өз алдына. «Қайырымды қала» орнаса дейміз. Қайырымды қала тоқығаны көп адамы көп қоғамда орнайды. Біздің материал – сауалнама қорытындысынан басқа қай автордың шығармаларына мән берер едіңіз? деген сауал төңірегінде.

Жадыра Шамұрат, Ықылас Ожай сияқты әдебиет әлемінде жүрген азаматтармен Елдос Есенбол сұхбаттасты.


Бөлісу