Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатынының ширек финалына алғаш рет шықты. ITF Juniors рейтингісінде 54-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы үшінші айналымда жасөспірімдер арасында әлемнің 8-ракеткасы, финляндиялық, 18 жастағы Оскари Палданиустан айласын асырды. Тартысты бәсеке 2 сағат 6 минутқа созылды. Осылайша тағы бір сенсация жасап, ширек финалға өткен Заңғар Нұрланұлының келесі қарсыласы – ресейлік Тимофей Дерепаско болмақ.
Азамат Нұғыманов
