«Wimbledon-2022» жеңімпазы Елена Рыбакина елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Wimbledon-2022» жеңімпазы Елена Рыбакина елге оралды

12.07.2022

Тарихи жеңіс иесі елге оралды. Түнде спорт жанкүйерлері елорда әуежайынан «Wimbledon» халықаралық турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакинаны құрметпен күтіп алды.

Қазақстанның нөмірі бірінші ракеткасы өзіне қолдау білдірген барша жанкүйерлерге алғыс білдірді. Екі тәулік бойы көз ілмедім деген, спортгшы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына бүгін өтетін баспасөз мәслихатында жауап беретінін айтты. Айта кетейік, Елена Рыбакина еліміздің намысын қорғап, «Үлкен дулыға» санатындағы турнирінде жеңіске жеткен бірінші теннисші. Ол турнирдің финалында әлемнің екінші ракеткасы тунистік теннисшісі Онс Жаберді ұтқан болатын.


Хабарламаларға жазылу