Қазақстандық теннисші Е.Рыбакина тунистік Онс Жаберге қарсы ойнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық теннисші Е.Рыбакина тунистік Онс Жаберге қарсы ойнады

12.07.2023

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина «Уимблдонның» ширек финалында тунистік Онс Жаберге қарсы ойнады. Олар былтырға дәл осы «Үлкен дулыға» турнирінің финалында кездескен еді. Ол кезде Елена «жеңімпаз» атанған болатын. Ал биыл ширек финалда Жабер есе қайтаруға барын салды. Бірінші сет өте тартысты өтті. Тай-брейкке созылған матчта Елена 7-5 есебімен жеңіске жетті. Ал, екінші сет Тунис өкілі есепті теңестірді. Шешуші ойында жерлесіміз жеңіліп қалды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу