AFD 2025: Табысы $1,5 трлн болатын ірі компаниялардың өкілдері келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

AFD 2025: Табысы $1,5 трлн болатын ірі компаниялардың өкілдері келді

04.09.2025

Елордада Astana Finance Days форумы өтуде. Қазір қатысушылар іскерлік бағдарлама бойынша тақырыптарды талқылауда. Жиынға ірі компаниялардың өкілдері мен сарапшылар қатысып жатыр.

Темірлан Нұржанұлы, тілші:

Биыл форумға табысы 1,5 триллион АҚШ долларына жететін ірі компаниялардың өкілдері келді. Алдағы уақытта бірқатар меморандумға қол қойылады деп жоспарланып отыр. Ал жиынның негізгі бөліміне Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қатысты. Дамушы елдердің инфрақұрылымына инвестиция тарту талқыланып, Қазақстанның тәжірибесі айтылды. Жалпы, бүгін іс-шарада онға жуық пленарлық сессия жоспарланған. Бүгінгі жиын мемлекеттік орган мен бизнес-қауымдастық өкілдері және сарапшылар үшін келісім мен диалог құрудың алаңы болып отыр. 

Темірлан Нұржанұлы

Хабарламаларға жазылу