Алматыда инвест форум басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда инвест форум басталды

27.11.2019
0:00:00
0:00:00

Ауқымды жиынға 700-ден астам іскер топ тіркелген. Солардың 142-сі - шетелдік, 126-сы еліміздегі халықаралық компаниялардың өкілдері. Форумда 31 екі жақты келісімшартқа қол қойылды. 

Сарапшылардың сөзінше, ірі мегаполис елдің ішкі жалпы өнімінің 20 пайыздан астамын қамтиды. Қазір 170-тен астамы инвесторға жер телімдері беріліп, 6 жоба іске қосылған. Биыл тағы жеті жоба пысықталуда. Жалпы есеппен алғанда алдағы бес жылда 9 трлн теңге инвестиция тартылады деп жоспарланып отыр. Ал ең маңызды жобалардың бірі ретінде Алматы әуежайы жаңғыртылады. 

Іс-шараның аясында жалпы құны 2,3 млрд теңгенің 31 меморандумына қол қойылды.

Нұрхан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу