Үндістандық кәсіпкерлер Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістандық кәсіпкерлер Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты

30.10.2015
Үндістандық кәсіпкерлер Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты

Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысу мақсатында Шымкентке Үндістан мемлекетінен бизнес-делегация келді.

Делегация құрамында Халықаралық ірі компаниялардың басшылары мен олардың аймақтарының өкілдері бар. Облыс басшылығымен кездескен үнділік кәсіпкерлер бірлескен жобалар құрып, өңірге инвестиция тарту мәселелерін қарады.

Кездесуде қос тарап агро-индустриалды аймақ, ирригациялық жүйелер құру, жол және тұрғын үй құрылысы, фармацевтика саласындағы жобаларды талқылады. Сапар барысында делегаттар «Оңтүстік» индустриялды аймағының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу