Ақмола облысында 1 млн тоннадан астам астық бастырылды
Ақмолалық диқандар орақ науқаны басталғалы 1 млн тоннадан астам астық бастырып үлгерді. Өнімділігі 13,2 центнер. Былтыр рекордтық көлемде астық жинаған ақмолалық диқандар биыл да мол өнімнен үмітті. Мемлекеттік қолдаудың арқасында шамамен 7 млн тоннаға жуық астық жинаймыз деп отыр. Үкіметтен бөлінген 12 миллиард теңге қаржы минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға бағытталған. Сөйтіп шаруалар шығынның 60 пайызын өтеуге мүмкіндік алды. Осындай қолдауға ие болған Жақсы ауданындағы «Агрофирма ТНК» серіктестігі биылғы өнімділік өткен жылдан 30 пайызға жоғары болады деп болжап отыр.
Григорий Седов, шаруа:
Биыл өткен жылғыға қарағанда мол өнім жинаймыз деп үміттеніп отырмыз. Бидайымыздың сапасы да жақсы. Дәніндегі балауыз мөлшері шамамен 23-25 пайыз. Қазірдің өзінде өнімділік гектарынан 15 центнерді құрап отыр. Көрсеткіш жаман емес. Ауа райы жақсы болса, осы айдың үшінші онкүндігінде орақ науқанын толық аяқтаймыз.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарағанды әлемдегі ауасы ең лас үш қаланың қатарына кірді
04.09.2025, 20:41

Жетісуда 4 пилоттық жоба жүзеге асады
04.09.2025, 20:39
Еліміздегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі 6,9 пайызға артқан
04.09.2025, 20:36
Қостанай облысында 18 елді мекен суға субсидия күтіп отыр
04.09.2025, 20:34
Сыр диқандары күрішке орақ салды
04.09.2025, 20:29
Жолдаудың орындалуы: «AMANAT» партиясы Премьер-министрдің ақпаратын тыңдады
04.09.2025, 20:25
Ауғанстанда зілзаладан зардап шеккен аудандар халықаралық көмекке мұқтаж
04.09.2025, 20:10
Израиль азаматтары Газадағы соғысты тоқтатуды талап етті
04.09.2025, 20:09
Banner