Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады
Ұлттық банктің атын жамылып, қоңырау шалатын алаяқтардан сақ болыңыз. Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады. Себебі, банк қызметкерлері жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді. Тұрғындарға видео не аудио қоңырау да шалмайды. Сондай-ақ алаяқтар түрлі мекеменің атынан сілтемеге өтуді сұрайтын жасырын электрондық хаттар мен жалған SMS-хабарламалар жөнелтеді. Мамандар HopToDesk, RustDesk, RUDesktop, AnyDesk, TeamViewer және басқа да қашықтан басқарылатын қосымшаларды орнатпауға шақырады. Ал айлакерлерден қорғану үшін Ұлттық банктің байланыс орталығына немесе 1477 қысқа нөміріне хабарласу қажет.
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарағанды әлемдегі ауасы ең лас үш қаланың қатарына кірді
04.09.2025, 20:41

Жетісуда 4 пилоттық жоба жүзеге асады
04.09.2025, 20:39
Еліміздегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі 6,9 пайызға артқан
04.09.2025, 20:36
Қостанай облысында 18 елді мекен суға субсидия күтіп отыр
04.09.2025, 20:34
Сыр диқандары күрішке орақ салды
04.09.2025, 20:29
Жолдаудың орындалуы: «AMANAT» партиясы Премьер-министрдің ақпаратын тыңдады
04.09.2025, 20:25
Ауғанстанда зілзаладан зардап шеккен аудандар халықаралық көмекке мұқтаж
04.09.2025, 20:10
Израиль азаматтары Газадағы соғысты тоқтатуды талап етті
04.09.2025, 20:09
Banner