Өзбекстанда зиялы қауым Абай рухына тағзым етті
Көршілес Өзбекстан елі де Абайдың мерейтойын кең көлемде атап өтіп жатыр. Ташкентте Ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Қандастарымыз Абай әндерін шырқап, жырларын жатқа оқыды.
Гүл қою рәсіміне Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің өкілдері, бауырлас елдің мәдениет министрлігі мен халықаралық қатынастар комитеті басшылары қатысты. Сондай-ақ, «Отандастар» қоры мен қазақ ұлттық мәдени орталық жетекшілері, Абай жырларымен сусындап өскен қандастарымыз да шет қалмады. Зиялы қауым өкілдері ұлы ойшылдың рухына тағзым етті. Абайды ұлықтау арқылы екі елдің мәдени қарым-қатынасы жандана береді десті шараға жиналғандар.
Дәмір Қалдыбаев, Ташкент облыстық қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы:
Абайды білмейтін қазақ жоқ, өзіміз бала кезден өлеңдерін жатқа оқып өстік, қазір ұрпақтарымыз оқып жүр. Барша қазақ, өзбек халқын Абайдың 180 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 6 спортшымыз келесі кезеңге өтті
11.09.2025, 10:21

Таза қала – бәрімізге ортақ жауапкершілік
11.09.2025, 10:20
Жолдау: Жасанды интеллект – жаһандық бәсекенің жаңа алаңы
11.09.2025, 10:18
Қандастар: Атажұрттағы әр жетістікке қуанамыз
11.09.2025, 10:14
Астанада «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында 23 мектеп бой көтерді
11.09.2025, 10:13
«Ауыл» партиясы Президент Жолдауына қолдау білдірді
11.09.2025, 10:11
Цифрландыру – заман талабы
11.09.2025, 10:08
Францияда 200 мың адам қатысқан шеру өтті
11.09.2025, 10:08